Университеттің «Ақ Баян» сән театры Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» республикалық жобасы ұйымдастырыған «Ұлттық киім — Ұлттық мұра» фестивалінде бас жүлдеге ие болды
30 Қазан 2024, 12:00
Медиа Орталық
Университетіміздің «Ақ Баян» сән театры тағы да бас жүлдеге ие болды. Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлттық киім — Ұлттық мұра» фестиваліне белсене қатысқан өнер ұжымының халқымыздың ұлттық киімдері мен зергерлік әшекей бұйымдары арқылы рухани құндылықтарымызды дәріптеуге қосқан үлесі жоғары бағаланды.
«Ақ Баян» сән театрының көркемдік жетекшісі халықаралық деңгейдегі дизайнер, ҚР дизайнерлер одағының мүшесi, Евразия дизайнерлер мүшесi Марат Ерімбетов. Сән театры жақында ғана Түрік елі құрылғанына 101 жыл толуына және еліміздің егемендігіне 33 жыл толуына орай Стамбұлда өткен ХVІІ халықаралық «Jibek joly» фестивалінде де 250 қатысушының ішінен озып шығып, бас жүлдені иемденген болатын.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53