25-ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН “ЕГЕМЕН ЕЛІМ: КЕШЕ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АПТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 25-қазан Республика күніне арналған “Егемен елім: кеше, бүгін және ертең” тақырыбындағы апталық ашылды.
Апталықтың ашылу салтанатында университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мән-маңызы мен ұйымдастырылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
19 қазан күні апталықтың бірінші күнінде Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі Дэниел Розенблюм «Дархан дала дүбірі» ұлттық өнер және қолөнер көрмесінің алғашқы құрметті қонағы болды. Сондай-ақ, ғалым-ұстаз Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхананың «Егемен елім: кеше, бүгін және ертең» кітап көрмесі өз жұмысын бастады. Көрмеге егемен еліміздің тарихы, дамуы, болашағы турасында ғылыми еңбектер қойылған.
Ал, «Инновациялық Қазақстан және болашаққа көзқарас» IT технологиялар көрмесі өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу, студенттер мен педагогтердің үздік IT-шешімдерін анықтау, қолдау және тарату, жаңа инновациялық технологияларды ұсыну, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналады.
Апталық аясында бұдан басқа да бірнеше бағдарламалар мен жобалар өткізіледі.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам