ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамына арналған оқу жұмыс бағдарламасы мен бағалау жүйесі, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бойынша оқыту семинары қорытындыланды.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Дәулетбай Бердалиев Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығы
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартын бекіту туралы
Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету мақсатында білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді талдады.
Оқу процесін цифрлық және әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы Гүлмира Есентөреева білім алушыларды Platonus жүйесінде бағалау жүргізуді пәннің оқу бағдарламасындағы тапсырма өткізу кестесімен сәйкестендіру, пәннің оқу нәтижелерінің мазмұнмен, тапсырмамен, оқытудың белсенді әдістерімен байланыстылығына және тапсырманың бағалау критерийлеріне тоқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер міндетін атқарушы Нұржан Жақсылықов бағалау жүйесінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және университетте әдептілікті сақтау ережелерін түсіндірді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам