«JANA QADAM» СТУДЕНТТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Жаңа қадам» арнау кеші өтті. Атаулы шара биыл университетке жаңадан қабылданған 1 курс студенттеріне арналды.
Думанды кешті университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашты.
— Біздің университет Оңтүстікте ең бірінші болып ашылған оқу ордасы. Сонау 1937 жылы, осыдан 87 жыл бұрын ең алғаш студенттерге есігін ашқан, екі жылдық мұғалімдер институты болған. Осыдан 42 жыл бұрын мен де осы университетке арман қуып келдім. Қазақ мақтанышына айналған қаншама тұлғалар тәрбиелеп шығарған оқу ордасы. Ендігі Мұхтар Шаханов пен Ханбибі Есенқараевалар осы сіздердің араларыңыздан шығатынына сенеміз және оған жағдай жасаймыз. Алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын! — деп ақ жол тіледі.
Арнау кеші Жаратылыстану факультетінің 4 курс студенті Ғалижанұлы Асылжан мен Өнер және білім факультетінің 3 курс студенті Үсен Ұлшаттың орындауындағы «Жаңа қадам» әнімен басталды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам