ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІН ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жаратылыстану факультеті, география кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен танымдық саяхат ұйымдастырылды.
“Танымдық туризм” Minor - “Рекреациялық география” пәні бойынша университеттің барлық факультетінің 3-курс студенттері “Ғайып-Ерен Қырық шілтен” және “Ақ Бура” маршруты бойынша танымдық туризмге қатысты. Шараның мақсаты студенттер арасында Қазақстанның, туған өлкенің киелі орындарының тарихымен таныстыру, олардың өлкетану белсенділігін қалыптастыру, ұлттық-рухани ізденімпаздыққа баулуға арналды.
Саяхат барысында киелі орын қызметкерлері студенттерге экскурсия жасап, тарихын әңгімелеп берді. Оқытушылардың ұйымдастыруымен ойындар ойнатылып (викториналық сұрақтар), туған өлкені танып білудің маңыздылығы түсіндірілді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам