«ҚАРТТАРЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ МОЛ» АТТЫ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Құрмет» ордені мен Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Өмірхан Қозыбақ жарты ғасыр ғұмырын педагогика саласына арнаған жан. Ол еңбек еткен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны 2003-2023 жылдары 1315 түлек бітірсе, оның 964-і мемлекеттік грант арқылы ЖОО-ға түскен. Сәйкесінше жыл сайын мектеп бітірушілердің 97-98 пайызы грант иегері атанып отырған. Ардагер ұстаздың осындай жетістігі болашақ педагог студенттерге зор мотивация. Бұл туралы жастар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен «Қарттары бар елдің қазынасы мол» атты ардагерлермен кездесу жиынында танысып білді.
«Оңтүстік мектебі» газетінің директоры Асқар Омарханов, Шымкент қаласы Қаратау ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбеков, Республикалық Ұлттық құндылықтар Академиясы ҚБ Шымкент филиалының жетекшісі, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесі жанынан құрылған Академиялық кеңестің координаторы Әбила Қоздыбаева жастарға өз мамандығына деген ынта-ықылас, құрмет тудырудың жолдары туралы әңгімеледі.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам