ОҚУШЫЛАР ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТЫҢ АВТОРЫ, ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВПЕН КЕЗДЕСТІ
“EduCampShum» лагеріне бүгін қала мектептерінен 112 оқушы қатысуда. Жазғы оқу лагеріне келушілерге Zhanibekov University жаратылыстану факультеті арнайы бағдарлама ұсынды. Оқушылар әуелі арнайы зертханада химиялық тәжірибелермен танысты. Биология әлеміне, географ ғалымдар мен саяхатшылар әлеміне виртуалды саяхат жасады.
Жаратылыстану факультетінің деканы Айгүл Айтбаева университет жетістіктері мен бүгінгі тынысы туралы айтып, болашақ түлектерді оқуға бағыттады. Жаратылыстану маманы болудың қыр-сырына қанықтырды.
Бүгінгі жазғы лагерге келушілер үшін тарихи сәт десе де болады. Өйткені, Zhanibekov University жанынан ашылған Жансая Әбдімәлік шахмат мектебінің жетекшісі, белгілі профессор-ғалым, дәнді дақылдардың өнімділігін арттыру бойынша әлемдік жаңалықтың авторы Әбдімәлік Әшімовпен кездесіп, суретке түсті. Бұл кездесу жас өрендердің ғалым болуға талпынысын арттырып, шабыттандырмақ. Интеллектуалдық ойындар мен сайыстар да көңілді әрі мазмұнды өтті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам