Шымкент қалалық опера және балет театры арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Шымкент қалалық опера және балет театры арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Болашақ ұстаздарды тәрбиелеуде театрдың эстетикалық және рухани маңызы зор. Университет ұжымы басшылықтың қолдауымен қаладағы театрлардың тұрақты көрерменіне айналған. Міне, осы мақсатта және рухани орталықтарға маман даярлау, сәйкесінше университеттегі өнер және білім факультеті студенттеріне тәжірибе алмасу үшін әріптестік ынтымақтастық нығая түспек.
Қос тараптың ортақ мақсатына арналған ресми жиында театр директоры, өңірдегі опера өнері мен мәдениетін дамыту, Шымкент қалалық опера және балет театрының жаңа ғимаратын салу жоспары жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ, жас таланттарды даярлау, әртістерді оқыту ісі, театр репертуарын шетелдік және ұлттық қойылымдармен жаңарту жөнінде емен-жарқын әңгімеледі.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам