Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 3 курс студенттері академиялық кезеңмен қатар, аптасына 2 күндік педагогикалық практикаға жіберілді.
Білім алушылар үшін орнықтыру конференциясы ұйымдастырылып, «Talant» апгрейд орталығының басшысы Қарлығаш Қоразбекова, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, практика жетекшілері, педагог және психолог әдіскерлердің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Конференция барысында білім алушылар педагогикалық практиканың ерекшеліктері, бағдарламасы, жұмыс жоспар-кестесімен, педагог-психолог әдіскердің нұсқаулығымен танысып, практика күнделігі мен есептік құжаттардың маңыздылығын түсінді.
Теориялық білімді практикамен ұштастыратын педагогикалық практика білім алушылардың оқу-тәрбие процесін жобалау мен жүзеге асыруға байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделуіне жағдай жасауға және практикалық педагогикалық тәжірибені игеруге мүмкіндік жасайды.
Қазіргі таңда университет бойынша 2000-нан астам білім алушы Шымкент қаласындағы 90-ға жуық білім беру ұйымдарына педагогикалық практикадан өтуге жіберілді.