АЭС — ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЖОБА
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстанда АЭС (атом электр станциясын) салуды қолдау жөнінде Халықтық штаб мүшелерімен кездесу өтті. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Нұрлан Бекназаров, Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабеков, Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы, АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық халықтық штабтың төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысқан жиында жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы түсіндірілді.
Халықтық штаб мүшелері энергия тапшылығы мәселесі, атом электр станциясының елге беретін пайдасы, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін оң әсері және қауіпсіздігі туралы айтып берді. Атом электр станциясы Қазақстанның болашақта тұрақты дамуына жасалатын іргелі қадам екенін жеткізді. Мақсатты кездесуге келген қонақтардың пікірін қолдаған университет ұжымы да АЭС қауіпсіз, сенімді екенін, ал ғалымдар экологиялық таза жоба екеніне үн қосты. Студент жастар көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алып, жаңашыл технологиялардың келуін әркез жақтайтынын, өзгерістердің жаршысы болатындарын білдірді.
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ