Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумы жасалды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Университет басшылары Гүлжан Сүгірбаева мен Мұхтар Төлеген жауапты мамандармен бірлесіп ортақ келісім аясында атқарылатын жұмыстарды нақтылады. Меморандумның мақсаты білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тараптар арасындағы өзара түсіністікке жәрдем болып табылады.
Өзара келісім аясында қос тарап конференцияларға, семинарларға, вебинарларға, симпозиумдарға, қысқа мерзімді оқу бағдарламаларына және академиялық кездесулерге қатысуды бірлесіп жүзеге асырады. Сондай-ақ, қызметкерлердің біліктілігін арттырып, ақпарат және тәжірибе алмасып, бірлескен оқыту әдістерін дайындайды.
Келісім барысында Мұхтар Әділбекұлы университетті аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, әріптестермен пікір алмасты.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам