Бұрымыңды жи, бойжеткен!
3 Қазан 2024, 14:23
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ тарих және педагогика факультетінің деканы Гүлдариға Таутаева студенттерге арнап тәрбие сабағын өткізді.
—Халық педагогикасына тәрбиенің түп төркіні ретінде қарасақ, болашақ ұстаздарға бұл ойланарлық мәселе. «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деген тіркестер халық арасында кең таралып, бойжеткенді сұлулыққа, жинақылыққа, эстетикалық талғамның жоғарылығына тәрбиелеген, — деген ол бойжеткендерді бұрымын жинап жүруге шақырды. Қыздардың шашын жайып жүруін әжелеріміз жаман ырымға балаған. «Қазақта әйел тек күйеуі қайтыс болғанда шашын жайып жылаған. Әйелдер жоқтау айтып жылағанда шашын жайып жіберіп жыласа, ішіндегі шері тарқайды деп ырымдаған. Қазір қайда қарасаң да шашын жайған қазақтың қызын көресің. Үйде анасы, түзде ұстазы айтып отырмаса, кейбір жастар оның мәнісін білмейді» дейді декан.
Іс-шара ұйымдастырушылар университет аруларынан осы бастамаға орай қолдау күтеді. Ол үшін студент қыздар шашын өріп немесе жинақы сәндесе жеткілікті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53