Студенттерге діни сауаттылыққа арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде студенттерге діни сауаттылыққа арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласының дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Нұрдәулет Амангелді, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұржан Әбдікерім жастарды жат ағымның ықпалынан сақтандыруға құнды кеңестер айтып, соңы өкінішті жағдайға ұласқан оқиғалардан мысал келтірді.
Мамандар студенттерге вацап желісіне келген бөтен тілдегі жарияланымдарды таратудың қауіптілігін, кибер-террорлық әрекетті насихаттайтын сайттарды қарамауды, ҚР мұсылмандары діни басқармасы ұсынған ресми ақпараттар мен мамандар уағызын тыңдауға кеңес берді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам