СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНА ХАБАРЛАС, СТУДЕНТ!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Адал азамат — Озық ойлы ұлт —Әділетті Қазақстан» тақырыбында адалдық сағаты өтті.
Іс-шарада студенттерге университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы, академиялық адалдық ережелері мен мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді.
Бүгінде оқу орнында бұл бағытта заңсыз сыйақы, сыйлық талап ету, ұсыну, беру, алу фактілері бойынша сенім телефоны бар(+7 -708 -478-54-72). Ал, ұсыныстар мен өтініштер, кеңес алу бойынша 214 кабинетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер жұмыс істейді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға офицері Ақжібек Қапалбаева, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ комплаенс-офицері Нұржан Жақсылықов баяндама оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Жиынды университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек жүргізді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам