Профессор Оразалы Сәбден студенттерге ашық дәріс оқыды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Директорлар кеңесінің төрағасы Сәбден Оразалы Сәбденұлы ашық дәріс оқыды.
Баяндама тақырыбын «Әлем, Абай, Қазақстанның сара жолы» тақырыбына арнаған Оразалы Сәбденұлы қазіргі әлемдік бетбұрыста еліміздің алатын орны мен шығатын тұғыры туралы кеңінен ой толғады. Қазақстанның сара жолының тетіктері туралы сөз қозғаған спикер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен байланыстырды.
Адамзаттың алыбы саналатын Абай Құнанбаев шығармаларының қоғамды ізгілендіруге әсерін, Қазақстандағы экологиялық проблемаларды ортаға салып, қатысушылар мен студенттер сұрақтарына жауап берді. Журналистермен тұшымды ой бөлісті.
Ашық дәрісті университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп отырды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам