Logo image
Image

Жәнібеков университеті 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдайды

Медиа Орталық
03.10.2024 -08:58

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 9-қыркүйек Тоғызқұмалақ күні аясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында студенттер ұлттық ойын ойнады.
«Тұран» спорт клубы үйірмесі ұйымдастырған шараға денешынықтыру және спорт факультетінің студенттері қатысты. Олар еліміз бойынша 5000 спортшыға дейін бір мезетте тоғызқұмалақ ойынын ойнап, Гиннес рекордын орнатуға ұйымдастырылған шараға атсалысты.
Айта кетелік, университет жастары былтыр ұлттық ойын түрлерінен қалалық спартакиадада 8 ЖОО арасында бірінші орынды жеңіп алған болатын. Олар бұл жарыста тоғызқұмалақ, арқан тартыс, кір тасын көтеру, асық ату, ләңгі ойнау және қолкүрестен қарсыластарына дес бермеді.