Оқу ордасы білім күнін атап өтті
18 Қыркүйек 2024, 11:39
Zhanibekov university
Биыл Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Білім күніне арналған салтанатты жиынды қаладағы «Түркістан» сарайында өткізді.
Биыл алтын ұямыз жаңа оқу жылын 8063 білімгермен бастағалы отыр. 2024-2025 оқу жылына барлығы 2201 білім алушы қабылданды. Оның ішінде – 1015-і мемлекеттік білім гранты болса, 129-ы – Шымкент қаласы әкімдігінің грантының иегері, 83 Алтын Белгі, 193 Үздік аттестат, 10 Қазақстан Респуликасының спорт шебері, 1 Халықаралық, 13 республикалық олимпиада жеңімпаздары және 30 IELTS сертификаттарын иеленген оқу озаттары таңдау жасады.
Салтанатты кешке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Оқу орнымызда ерен еңбек етіп жүрген ұстаздар мен ардагерлер марапатталды. Қонақтар арнайы концерттік бағдарламаны тамашалап, жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күймен қадам басты.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53