“Отбасындағы зорлық - зомбылықсыз Қазақстан” акциясы өткізілуде
Шымкент қаласында республикалық “Отбасындағы зорлық - зомбылықсыз Қазақстан” акциясы өткізілуде.
Акция аясында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ “Психологиялық қолдау” орталығы арнайы шара өткізді. Іс-шараның басты мақсаты: тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады. Сондай-ақ, университет білім алушыларының құқықтық сауаттарын арттыру мен ақпараттандыруға бағытталған.
Кездесуді Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айнаш Құдышева ашып, шараның маңызы туралы жастарға түсіндірді. “Психологиялық қолдау” орталығының басшысы Г. Айтжанова “Отбасы жүйесі” әдістемесі арқылы отбасы құндылығын түсіндіріп, зорлық - зомбылықтың құрбаны болмауға сақтандырды.
Орталық мамандары зорлық - зомбылықтың негізгі түрлерімен таныстырып, оның алдын алуға әртүрлі кеңестер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер аталған мәселе бойынша өздерін мазалайтын сауалдарға университеттің №1 жатақхана 105-106 кабинетте орналасқан “Психологиялық қолдау” орталығынан жеке кеңес ала алады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам