ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТКІЗДІ
Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету
жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA) Оңтүстік Қазақстан педагогикалық
университетінде сыртқы сарапшылар тобының қатысуымен институционалдық
аккредиттеуден өткізді.
Институционалдық аккредиттеуге еліміздің
және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері болып табылатын 8 тәжірибелі
ғылыми сарапшы қатысып, университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар
құрамымен, білімгерлермен сұхбаттасты. Бұл сұхбаттар университеттің
стратегиялық даму басымдықтары, білім беру бағдарламаларының сапасы, кадрлық
ресурстары, академиялық еркіндік пен басқару тиімділігі сынды аспектілерді
қамтыды. Сондай-ақ, университеттің материалдық-техникалық және оқу-зертханалық
инфрақұрылымын, ғылыми-зерттеу және білім беру процестерінің ұйымдастырылуын,
кітапхананың ақпараттық-ресурстық қызметін, студенттік жатақханаларды, спорттық
және демалыс нысандарын, медициналық қызмет көрсету және тамақтану орындарын
аралап, олардың жағдайына кешенді талдау жүргізілді.
Бақылау барысында сарапшылар оқу
процесіне, оның ішінде оқу сабақтары мен емтихан сессияларына қатысып,
практикалық даярлық сапасын бағалау мақсатында тағылымдамадан өту базаларында
болды. Сонымен қатар, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерімен,
білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен сұхбаттар ұйымдастырылып,
білім беру сапасына қатысты кері байланыс жасалынды. Институционалдық
аккредиттеудің қорытынды нәтижелері сыртқы сарапшылар тобы тарапынан
университеттің Басқарма төрағасына ресми түрде ұсынылып, бағалау критерийлері
бойынша жалпы қорытындылар мен ұсынымдар берілді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам