ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ГЕ QS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГТІК АГЕНТТІГІНІҢ ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ
⠀
Zhanibekov University-не QS Quacquarelli
Symonds халықаралық рейтингтік агенттігінің Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша
өңірлік директоры Сергей Владимирович Христолюбов ресми сапармен келді. Кездесу
барысында Zhanibekov University-дің халықаралық рейтингтерге, соның ішінде QS
World University Rankings және QS Asia University Rankings жүйелеріне қатысу
перспективалары талқыланды.
⠀
Сергей Владимирович QS рейтингтер
жүйесін, университеттерді бағалау критерийлерін, деректерді ұсыну талаптарын
жан-жақты таныстырып, академиялық беделді арттыру, ғылыми белсенділік пен
халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша нақты ұсынымдар берді. Сонымен
қатар, деректердің дұрыстығы, репутациялық сауалнамалар және университет туралы
ақпараттың халықаралық платформалардағы сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
⠀
Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және
инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков баяндама жасап, Zhanibekov
University-дің ғылыми көрсеткіштерін таныстырды. QS өкілімен бірге
университеттің ғылыми әлеуетіне баға беріліп, оның халықаралық рейтингтер контекстіндегі
даму мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесудің екінші бөлігінде қатысушылар QS
әдістемесі, репутациялық сауалнамалар жүргізу тәртібі және деректерді ұсыну
механизмдері бойынша практикалық сұрақтар қойды. Әңгіме мазмұнды әрі ашық
форматта өтті.
⠀
Іс-шараға университеттің проректорлары, факультет
декандары, кафедра меңгерушілері, сондай-ақ стратегиялық даму, халықаралық
байланыстар, ғылыми қызмет және ақпараттық қолдау саласына жауапты мамандар
қатысты. QS өкілінің сапары Zhanibekov University-дің халықаралық стратегиясын
дамытудың маңызды кезеңіне айналып, университеттің жаһандық білім
кеңістігіндегі орны мен беделін нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың іргетасын
қалады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам