АДАМЗАТ БИІГІНДЕГІ АҚЫН
ҚР Еңбек ері, Халық жазушысы, университет түлегі Мұхтар Шаханов — бізде қонақта!
Zhanibekov University-де ҚР Еңбек ері, Халық жазушысы, университет түлегі Мұхтар Шахановпен кездесу кеші өтті.
Кеш шымылдығы филология факультеті студенттерінен құралған «Алқа» клубының «Жеңіс пен жеңіліс арифметикасы» әдеби композициясымен ашылды. Бұдан кейін медиаорталықтың дайындаған арнайы видеоролигі назарға ұсынылды. Бейнебаянда ақынның студенттік жылдардағы қолжазбалары, дипломы мен өмірбаяны мұрағаттан сыр шертті. Университет мақтанышы, республикалық айтыстардың жүлдегері Даниал Болысбек домбырамен арнау айтса, өнерпаздар ақын сөзіне жазылған, бар қазақты тербеген әндерді нәшіне келтіре орындады.
Кеште ақынның жұбайы Қаншайым Шаханова, көмекшісі Сәулекүл Ахметова сөз сөйлеп, университет басшылығы мен ұжымына кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Әдебиет сыншысы, профессор Құлбек Ергөбек М. Шаханов туралы «Адамзаттың биігіндегі ақын» деп баға берді. Ал, ақын жастарға жалындаған өлеңдерін оқып, ықыласпен бата берді.
Рухани кездесуді университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізді. Мұхтар Шаханов студенттерге қолтаңба беріп, естелікке суретке түсті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам