«МАРХАБАТ МАҚАМДАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ — БІЗДІҢ СТУДЕНТ!
16 Мамыр 2025, 15:48
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Әдебиет әлемі әдемі» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мархабат Байғұтқа 80 жыл» жобасының жетекшісі, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай және Шымкент қалалық Әл-Фараби кітапханасы ұйымдастырды.
Жазушы, журналист, драматург, қоғам қайраткері Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған шара қаламгер шығармаларын насихаттауға, әдеби мұрасын жастарға үлгі етуді, жаңа буынның әдебиет пен мәдениетке қызығушылығын оятуды көздеді.
Мазмұнды кешке ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, жастар мен оқырмандар, ардагер кітапханашылар, жазушының отбасы қатысты. Қонақтардың назарына қаламгерге арналған кітап көрмесі таныстырылды. Жазушыға арналған бейнеролик арқылы кітапсүйер қауым қаламгердің жарқын бейнесімен қауышқандай әсер алды. Конференцияны қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек алғысөзбен ашып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.
Сауытбек Әбдірахманов, Бауыржан Жақып, Дархан Мыңбай, Ханбибі Есенқара, Құлбек Ергөбек , Ғалымжан Елшібай сияқты қазақ әдебиеті мен публицистикасының жарқын өкілдері Мархабат Байғұттың шығармашылығы мен көркем мінезін тебірене еске алды. Қаламгер жазбалары туралы «қазақ публицистикасына көркем өрнек салған» деген, ал оқырман көңілінің төрінде сақтталған көркем мінезі туралы «саф алтындай тазалығы сақталған» деген соны пікірлер айтылды. Түркия, Қырғызстаннан келген әдебиеттанушылар қаламгер еңбектеріне ғылыми бағасын берді. Университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қаламгердің қазақты қалтқысыз сүйген ұлтжанды болмысын еске алды.
Шара соңында «Мархабат мақамдары» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды. Мархабат Байғұт шығармашылығына қатысты эсселер байқауында университетіміздің филология факультеті шет тілі мұғалімін даярлау ББ 2-курс студенті Шәріп Інжу 1-орын иегері атанды. Жеңімпазға күні кеше Түркістан төріндегі халықаралық симпозиумда арнайы дипломмен бірге 250 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Фото Береке Сейітжаппар
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
27 Қаңтар 2026, 12:36
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
26 Қаңтар 2026, 14:31
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
23 Қаңтар 2026, 17:36
Хабарландыру. 22.01.2026
22 Қаңтар 2026, 17:21
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
22 Қаңтар 2026, 13:01
Хабарландыру. 17.05.2024
22 Қаңтар 2026, 11:20
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
16 Қаңтар 2026, 17:17
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
15 Қаңтар 2026, 12:32
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
14 Қаңтар 2026, 16:44
Хабарландыру 14.01.2026
14 Қаңтар 2026, 11:33