БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕР STEM-ті ЖОБА АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРУДЕ
Zhanibekov University-де «Орта білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ жаратылыстану пәндер мұғалімдерінің STEM-құзыреттерін қалыптастыру» гранттық жобасы аясында маңызды білім қадамы жүзеге асты. Жоба жетекшісі — химия ғылымдарының кандидаты Хадиша Әбдірахманова.
Аталған жоба негізінде білім беру бағдарламасына енгізілген Minor бағыты шеңберінде химия және биология, биология мұғалімі, ғылыми биология және шет тілі мұғалімі мамандықтарының 3-курс студенттері «STEM-білім берудегі инжиниринг негіздері» атты 5 кредиттік пәнді сәтті аяқтады. Курстың қорытынды кезеңінде студенттер өз жобаларын қорғап, теориялық білімдерін тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Қорғауға ұсынылған жобалар әртүрлі тақырыптарды қамтыды және болашақ мұғалімдердің инженерлік, ғылыми-танымдық және шығармашылық қабілеттерін айқын көрсетті. Атап айтқанда, келесі жобалар ұсынылды:
1. Гидропоника – топырақсыз өсімдіктерді өсіру жүйесі.
2. Мидың құрылысы – адам миының құрылымын таныстыратын көрнекі құрал.
3. Анатомиялық пазл – анатомияны үйретуде тиімді пайдалануға болатын жинақ.
4. Жасуша ядросының құрылысы – жасуша ішкі құрылымын үлкейтілген модель арқылы көрсету.
5. Өкпеге улы газдардың әсері – экологиялық қауіптің ағзаға әсерін зерттеу.
6. Қанайналым жүйесінің 3D моделі – биология сабақтарында қолдануға арналған визуалды құрал.
7. Абай мұрасы – STEM жолында – ұлы ақын шығармашылығын STEM-біліммен сабақтастыру.
Бұл жобалар студенттердің тек пәндік білімін ғана емес, сонымен қатар заманауи білім беру талаптарына бейімділігін де көрсетеді. STEM бағытындағы осындай бастамалар болашақ мұғалімдерді шығармашыл, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруға сеп болады.
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ