ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ — УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫМЕН
“EduCampShym” - 10 күндік оқу лагерінің қатысушылары бүгін университеттің “Психологиялық қолдау” орталығымен танысты.
Тренинг барысында оқушылар орталықтың қызметі мен мақсаттары туралы толық ақпарат алды.
Орталық басшысы Айтжанова Г.Т. «Көшбасшы болу — өзіңнен басталады» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, көшбасшылық туралы маңызды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларға сәттілік тілеп, қолдау көрсетті.
Орталық мамандары Жайлау И.Е. Жанарбек А.Т қатысушылармен әртүрлі арт-терапиялық жаттығулар жүргізіп, кері байланыс алды.
Бүгінгі психологиялық тренинг - әр оқушының өзін-өзі тануға, көшбасшылық қабілеттерді дамытуға және психологиялық қолдаудың маңызын терең түсінуге үлкен мүмкіндік болды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам