УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІМЕН КЕЗДЕСУ
13 Мамыр 2025, 19:03
Медиа Орталық
Бүгін университетімізде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қазақ тіліндегі тұңғыш заңның авторы, ақын, композитор Әкім Ысқақтың «Жақыныңды жоғалтпашы» атты шығармашылық кеші өтті. Әдеби кездесуге Шымкент қаласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен университет ұжымы, студенттер қатысты.
Әсерлі басқосу «Алқа» әдеби бірлестігінің кеш иесінің шығармашылығына негізделген «Жүректегі жазулар» қойылымымен ашылды. ҚР Президент оркестрінің әншісі Бибігүл Сауытова, жас өнерпаз Үсен Ұлшат, тағы басқалар ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.
Әкім Ысқақ бұрынғы Шымкент педагогика институты физика факультетінің түлегі. Ол өзі оқыған білім ордасының аудиторияларын аралап, жастық шағын еске алды. Ал кездесуде ұстаздарын сағына әңгімелеп, бүгінгі университет мәртебесін иеленген іргелі оқу орнына алғыс білдірді.
Кешті университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп, Әкім Ысқаққа «Құрметті профессор» атағы берілді.
Фото Береке Сейітжаппар
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53