Түлек пен тілек
Zhanibekov university
02.08.2024 -12:55
Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде 2024 жылғы бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі басталды.
Салтанатты шара Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында өтуде. Биыл университеттен барлығы 1125 түлек ұшқалы отыр. Оның ішінде 844 бакалавр, 235 магистратура, 11 докторантура және 35-і қайта даярлау курсының түлектері.
Бітірушілерге сәттілік тілеген университет Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек филология факультетінің үздік түлектеріне диплом табыстады. Сондай-ақ, ректор кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құлбек Ергөбек, Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор м.у.а, академиялық істер департаментінің директоры Дәулетбай Бердалиев, университет түлектері, белгілі айтыс ақындары Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақлима Байғұт, филология ғылымдарының докторы, профессор Наталья Дмитрюк, филология факультетінің деканы Жанар Масалиева, тағы басқалар болашақ тіл мамандарына ресми құжаттарын тапсыру құрметіне ие болды.
Жиында Үрәлхан Сейілбекова, Ерлан Жандарбай, Хадиша Шалабаева сияқты белгілі өнерпаздар мен оқу орнының студенттері ән шырқады. Диплом табыстау рәсімі үш күнге жалғасып, жұма күні қорытындыланады деп күтілуде.
Осыған ұқсас тақырыптар
Бастапқы әскери дайындық мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс 1401-14 тобының білім алушылары Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сағадат Нұрмағамбетов қазақтың тұңғыш Халық Қаһарманы» тақырыбында ашық тәрби
30.09.2024 -15:00
Білім күніне арналған гала концерт өтті
18.09.2024 -06:41
Оқу ордасы білім күнін атап өтті
18.09.2024 -06:39
Ұлт қайраткері - ұрпақ жадында
18.09.2024 -06:37
Талапкер бізді таңдайды!
18.09.2024 -06:34
Мемлекет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
02.08.2024 -12:58
Шыңжаң педагогикалық университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
02.08.2024 -12:57