ZHANIBEKOV UNIVERSITY 1-ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Zhanibekov university 1-қыркүйек Білім
күні мерекесін қаладағы «Түркістан» сарайында атап өтті.
Салтанатты жиын шымылдығы Өзбекәлі
Жәнібеков туралы деректі танымдық фильммен ашылды. Медиаорталық әзірлеген фильм
студенттерге ой салып, тұлға туралы түсінік берді. Бұдан кейін Шымкент қаласы
әкімінің орынбасары Сәрсен Абай құттықтау сөз сөйлеп, жергілікті әкімдік бөлген
22 грант иегеріне сертификат табыс етті.
Студенттер мен ұжымды атаулы мерекемен
университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі
проректор Баршагүл Исабек құттықтап, оқу орнының тарихы мен алдағы
жоспар-міндеттері, бүгінгі толағай жетістіктері туралы мағлұмат берді.
Университетте еңбек етіп жүрген «AMANAT» партиясының мүшелері 30-тамыз ҚР Конституция
күніне орай алғыс хаттармен марапатталды. Бірінші курс стдуенттеріне Білім
кілті тапсырылды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға
ұласты.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам