МАЛАЙЗИЯДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Zhanibekov University-де Басқарма
мүшесі - Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков
Малайзия халықаралық мәдени коммуникация орталығының (ICCCM) басқарушы
директорының орынбасары Бенджамин Леонгпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Бенджамин мырза ICCCM
қызметі мен жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырып, ұйымның миссиясы мен
тәжірибесімен бөлісті. Бенджамин Леонг ICCCM Қытай Білім министрлігімен тығыз
байланыста жұмыс істейтінін және түрлі елдердің жоғары оқу орындары арасында
мәдени-академиялық көпір рөлін атқаратынын атап өтті.
Бенджамин Леонг елдер арасындағы
мәдени-білім беру байланыстарын дамытуға ерекше қызығушылық танытып, бірлескен
жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі таңда ICCCM
Қазақстандағы бірнеше жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуды көздеп
отырғандығын айтты. Жоба аясында шетелдік ғалымдарды тарту, академиялық
ұтқырлық, кәсіби тағылымдамалар мен жазғы мектептер сияқты бағыттар
қарастырылған.
Ал, Zhanibekov University тарапынан
университеттің мүдделері мен әлеуетті бағыттары таныстырылды. Кездесу
қорытындысы бойынша, тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықтың нақты бағыттарын
анықтап, бірлескен жобаларды пысықтау жөнінде уағдаласты.
Кездесу соңында құрметті қонақ
университетке Сингапур мен Қытайдың мәдени нақышын бейнелейтін естелік
сыйлықтарын табыстады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам