Logo image
Image

БАЛНҰР — ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

Медиа Орталық
03.10.2024 -10:13
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ денешынықтыру және спорт факультетінің 2-курс студенті Балнұр Нұран Қазақстан чемпионы атанды!
Балнұр бұл жетістікке спорттың комбат дзю-дзюцудан түрінен жетіп отыр. Алматы қаласында юниорлар мен жастар арасында өткен спорт жарысында Балнұр қарсыластарға дес бермеді. Бір қызығы, оның бұл спорт түрімен айналысқанына небәрі үш ай болыпты.
Балнұр бұған дейін ат спорты жарыстарында дара шауып, көпшілікті тәнті еткен еді. Кішкентайынан атқа құмар болып өскен ол республикалық, өңірлік бірнеше БАҚ-қа сұхбат берген.