БІРІНШІ КУРС ДОКТОРАНТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Өзбекәлі
Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бірінші курс докторанттарымен кездесу өтті. Іс-шараға
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанбол Жылбаев, Ғылыми жұмыстар және
инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков, ЖОО-дан кейінгі білім беру
институтының директоры Аққоңыр Жылысбаева қатысты. Бүгінде университетте
барлығы 109 докторант бар, 44-і бірінші курста.
Кездесуде Жанбол Октябрьұлы жас
ғалымдарды 90 жылға уақыт тарихы бар қарашаңырақ университеттің докторанттары
атануымен құттықтап, бұл — ғылым жолындағы маңызды әрі жауапты қадам екенін
атап өтті. Ал, Ержан Рахымжанұлы уақытты тиімді ұйымдастыру, ғылыми жұмыстарды
дер кезінде орындау, жеке жұмыс жоспарларын сапалы жүргізу, ғылыми жетекші мен
диссертация тақырыбын дұрыс таңдау маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ,
университет тарапынан атқарылып жатқан ғылыми мақала жазу дағдыларын дамытуға
арналған шаралар туралы баяндады.
Аққоңыр Нұрділләқызы докторантураға
қатысты ҚР-ның негізгі нормативтік-құқықтық актілері мен университеттің ішкі
ережелерімен таныстырды. Докторанттың үш жыл бойы оқу процесіндегі теориялық
оқу, педагогикалық практика, зерттеу практикасы, ғылыми тағылымдамадан өту
талаптары мен мерзімдерін жан-жақты талдады. Сонымен қатар, докторлық
диссертацияны қорғауға қойылатын талаптар, соның ішінде шығарылатын мақалалар
талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесу соңында докторанттар көкейдегі
сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сала проректорлары ғылым жолына келген жас
зерттеушілерге сәттілік тілеп, қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам