ГАЗИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ УГУР ҮНАЛ ZHANIBEKOV UNIVERSITY ТАРИХШЫЛАРЫНА ДӘРІС ОҚЫДЫ
26 Қыркүйек 2025, 17:25
Медиа Орталық
— Тарихты зерттеу – тек өткенді білу емес, сол өткен арқылы қазіргі мен болашақты түсінудің кілті. Тарихшы ең алдымен шындықты іздеуі керек. Ол өз көзқарасына немесе саяси бағытқа емес, деректерге, дереккөздерге, фактілерге сүйенуі қажет. Тарихты бұрмалауға немесе қандай да бір идеологияға қызмет етуге болмайды. Мысалы, бір оқиғаны бірнеше елдің, мәдениеттің немесе идеологияның тұрғысынан қарастыру – нағыз тарихшының кәсібилігі. Архивтермен жұмыс істеу, көне құжаттарды оқу, тарихи карталарды, жазбаларды талдау – тарихшының негізгі жұмысы. Көп оқу, көп іздену, тіпті жаңа тарихи дереккөздерді табу – кәсіби міндет. Әр тарихшы өз халқының тарихын білуге және оны әділетті түрде жеткізуге жауапты. Бірақ бұл ұлтшылдыққа ұласпауы тиіс. Шын тарихшы өз ұлтын мадақтау үшін емес, түсіну үшін зерттейді. Ол өз эмоциясын емес, деректі сөйлетуі керек, — деді Угур Үнал.
Ашық кездесуді Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков жүргізіп отырды. Студенттер өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53