БАБАЛАР ЕРЛІГІ — БІЗГЕ АМАНАТ
6 Мамыр 2025, 19:13
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған «Бабалар батырлығы – бізге аманат» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара мемлекеттік Туымызды көтерген әскери киімдегі жігіттердің салтанатты сап түзеуімен басталып, Әнұранымыз шырқалды. Университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева мерекені құттықтау сөзбен ашып, тағылымы мен танымы мол әсерлі баяндама жасады.
— Біз соғысты көрген жоқпыз, көрмейік те... Ата-бабаларымыздың жанқияр ерлігін бүгінгі ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз, - дей келе Ұлы Отан соғысы жылдарындағы университет тарихымен, майдангер ұстаздар туралы құнды деректермен бөлісті. Сонымен қатар, бүгінде университет жанынан ашылған әскери кафедра 17 мамандық бойынша студенттерге жоғары білім беріп келеді. Осылайша оқу орнымыз отанымыздың қорғаныс қабілетін арттыруға өз үлесін қосуда.
Салтанатты жиында қажырлы еңбегімен жоғары білім саласының дамуына еңбек етіп жүрген азаматтар алғыс хатпен марапатталды. Арнайы дайындалған концерттік бағдарламада соғыс хаттары оқылып, сахналық көрініс назарға ұсынылды. Патриоттық әндер шырқалды.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53