ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ АТАНДЫ
*Сүйінші!
Zhanibekov University физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік жөніндегі декан орынбасары Абай Қаратаев философия докторы (PhD) атанды!
Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанынан құрылған «8D015 – Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D010900/8D01501 – Математика, 6D011000/8D01504 – Физика)» бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте «8D01501 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Ғалымның зерттеу еңбегі «Педагогикалық жоғары оқу орындарында дифференциалдық және интегралдық есептеулерді оқыту үдерісінде студенттердің зерттеушілік қызметін қалыптастыру» тақырыбына арналды. Диссертацияда математикалық білім берудің сапасын арттыру, болашақ педагогтардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту және инновациялық әдістемелерді оқу үдерісіне енгізудің ғылыми-тәжірибелік негіздері жан-жақты қарастырылған.
Абай Оңғарбекұлының бұл еңбегі еліміздің ғылым және жоғары білім беру саласына қосылған ауқымды үлес болып табылады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам