Zhanibekov university logo

АҚЫН, БАРД, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚУАНЫШ МАҚСҰТОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

3 Қазан 2025, 17:32
Медиа Орталық

— Нағыз поэзия құйыла салуы керек! Бізде қазір өлең құйыла салмайды, құрастырылады, конструкция.Өлең жазу — мақсат, кітап жазу кәсіп болып бара жатыр. Фаризаны оқыңыздар, поэзия! Гүлнар Салықбаеваны оқыңыздар, поэзия! Поэзияның болашағы бар, оған үмітім де бар, бірақ әлі ақталған жоқ…

Бұл — Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да кездесуге келген ақын, бард, қоғам қайраткері, қазақтың Сары тентегі атанған Қуаныш Мақсұтовтың қазіргі қазақ ақын қыздары туралы айтқан ойынан бір үзік сыр.

Кездесу кешінде ақын, бард жастарға ағыл-тегіл ақтарылып, қазақ өнері, өлең мен өмір туралы толғаныстарын, тәжірибесі мен әлем әдебиетінен қалыптасқан көзқарасы негізінде ой бөлісті. Ақынның ұғымында “Өнер, талант деген тек қана 100 пайыз еңбек!”

Айтулы айтыскер ақынға университет мақтанышы, талай додаларда топ жарып жүрген жас ақын Даниал Болысбек арнау айтып, жырмен шашу шашып қарсы алды. Автор өзінің жаңа шыққан “Құт” кітабын оқу ордамыздың кітапханасына және ерекше сауал қойған студенттерге сыйға тартты.

Домбырамен халық әндерін шырқаған Қуаныш Мақсұтовтың классикалық, көркем музыкалық бағыттағы шансон стилінде лирикалық, поэтикалық терең мазмұнға ие әндерді гитарамен шырқауы да кеш жаңалығы болды. Кездесуді университеттің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев жүргізіп, кеш қонағына студенттердің қолөнер туындысы естелікке сыйға берілді.

 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35