Zhanibekov university logo

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫҢ ҚАНДАЙ, СТУДЕНТ?

10 Қазан 2025, 14:42
Zhanibekov university

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарының қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы Диктант шарасы өтті. Бүкілқазақстандық ауқымды шараға университеттен 100 оқытушы-профессор құрамы мен  қызметкерлер, 150 студент қатысты.  


Шара алаяқтарға алданып қалмау,  дропер түсінігін терең тану арқылы қарызсыз қоғам құруды үндейді. Қаржылық сауаттылыққа шақыратын  ауқымды жобаға қатысушылар тест-диктант тапсырып, деңгей бойынша 20 сұраққа жауап берді.  


Жалпы, қоғамда қазір алаяқтарға алданып, қаржысынан айрылып немесе қарызға белшесінен бату оқиғасы күрт көбейген.  Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, полковник Ескендір Құрақбаев,  подполковник  Мұрат Сарымов, капитан Мақсат Көшербаев қаржылық қауіпсіздік қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.  


— Банкоматқа барғанда картаңызға  қаржы аударып, оны терминалдан алып беруді өтінген  күмәнді адамдардың өтінішін  орындамаңыздар. Сондай-ақ, әлеуметтік  желілерде каспий голдты жалға алуға арналған  таргет рекламалары шықты. Ол үшін  сізге 5-10 мың теңге төлеп, екінші деңгейлі банк карточкаңызды, каспий голдыңызды пайдаланып, миллиардтаған теңгелерді шешіп алуы мүмкін. «Ақша салсаң, оны көбейтіп аласың, шетелге қыдырасың, үй аласың» деп, жеңіл пайда табуға қызықтыратын қаржылық пирамидалардан аулақ болыңыздар. Бүгінде осындай мәселемен  біздің мекемеге күнделікті 10-15 адам шағым айтып келуде.  Сондықтан,  қаржылық сауатты арттырып,  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша 10 миллион  адамды қамтитын  жоба өткізілуде, —дейді мамандар.   


Диктант жобасында  16-дан артық сұраққа дұрыс жауап берген қатысушы жеңімпаз дипломын иеленіп, Қазақстанның әр өңірінен осы дипломға ие болған алғашқы 10 қатысушы арасында сыйлықпен марапатталу мүмкіндігіне ие болады. Шымкент қаласында аталмыш шара 20–қазанға дейін жалғаспақ.

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35