ЧЕХИЯЛЫҚ ОЛОМОУЦ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ПЕТР ШАЛОУН КЕЛДІ
Шетелдік ғалымды университет Басқарма
төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қабылдады. «Сіздің келуіңіз
университетіміздің даму стратегиясына сәйкес, білім мен ғылымды ілгерілету
мақсатында бірлескен жобалар мен серіктестіктерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер
ашады деп сенеміз. Чехиядағы академиялық ортадағы мол тәжірибеңіз бен
жетістіктеріңіз бізге үлкен қызығушылық тудырады» деді Әлібек Нұрбайұлы.
Профессор Петр Шалоун визитинг профессор
бағдарламасы аясында Информатика кафедрасында білім алушылар мен докторанттарға
дәріс оқуда. Оқу үдерісінде ол бағдарламалау, заманауи ақпараттық жүйелер және
ғылыми-зерттеу әдістері бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа білім беру
тәсілдерін ұсынуда.
Пәндер бағдарламасы IT саласындағы
заманауи талаптарға сай жасақталған;
Бағдарламалау тілдері мен алгоритмдер,
жүйелік талдау және деректер құрылымдары сынды бағыттарды қамтиды;
Докторанттармен ғылыми бағыттағы жеке
консультациялар өткізіледі.
Профессордың келуі білім алушылар мен
жас зерттеушілер үшін шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесімен танысуға
және кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам