ПРОФЕССОР МАНЖУ КХАРИДІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУЫ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY академиялық
ұтқырлық бағдарламасы аясында шақырылған Үндістанның Джавахарлал Неру
университетінің профессоры, PhD Манжу Кхари университет қабырғасында белсенді
ғылыми және академиялық қызмет атқарды. Ол бірқатар іс-шараларға қатысып, білім
алушыларға мазмұнды дәріс оқыды, сондай-ақ жас ғалымдар мен
профессор-оқытушылар құрамына арналған ғылыми семинар өткізді. Қазіргі уақытта
профессор Манжу Кхари университет ғалымдарымен бірлесе отырып, ҚР Ғылым және
жоғары білім министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсына арналған
бірлескен ғылыми жобаны әзірлеу үстінде.
Профессордың университетке келу кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйек күнгі «Жасанды интеллект
дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер
арқылы шешу» атты Жолдауымен тұспа-тұс келді. Осыған орай, жасанды интеллект
саласының жетекші маманы, профессор Манжу Кхари университеттің Басқарма
төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Әлібек Нұртаевпен және
профессор-оқытушылар құрамымен Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында профессор Манжу Кхари
Президент Жолдауында көтерілген жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың
ел дамуы үшін стратегиялық маңызына тоқталып, мемлекет басшысының жастарға
бағытталған көреген саясатын жоғары бағалады. Сондай-ақ, профессор білім
алушыларға дәріс оқып, жас ғалымдарға «Цифрлық трансформация және жасанды
интеллект: зерттеу үдерісін жаңаша түсіну» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында профессор Манжу Кхари
жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерде қолданудың заманауи тәсілдерін
таныстырып, цифрлық платформаларды тиімді пайдалану тәжірибесін көрсетті.
Сонымен қатар ол халықаралық ғылыми жобалардағы үздік тәжірибелер мен серіктестік
мүмкіндіктерін талқылап, жас ғалымдарға өз зерттеулеріне AI технологияларын
интеграциялау жолдарын түсіндірді.
Кездесу соңында Әлібек Нұрбайұлы
профессор Манжу Кхариге университетпен белсенді ынтымақтастығы мен қосқан үлесі
үшін алғыс білдіріп, арнайы сертификат табыс етті. Профессор Манжу Кхаридің
сапары Ө. Жәнібеков университеті мен Үндістанның Джавахарлал Неру университеті
арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, екі ел арасындағы
білім және зерттеу саласындағы серіктестікті нығайтады деп сенеміз.
Осыған ұқсас
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жастар практикасы бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа шақырады
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ КАФЕДРА ФИЛИАЛДАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ZHANIBEKOV СТУДЕНТТЕРІ 100-ДЕН АСТАМ МЕКТЕПТЕ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТЕДІ
Хабарландыру. 22.01.2026
СТУДЕНТІМІЗ АЛУА ЖҰМАДІЛДА SHYMKENT OPEN-2026 ЖЕҢІМПАЗЫ
Хабарландыру. 17.05.2024
«ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ» БИЫЛҒЫ МЫҚТЫЛАРЫ КІМ?
ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ