ZHANIBEKOV UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ТҮРКИЯ САПАРЫНА ЕКІНШІ КҮНІ ЖАЛҒАСУДА
ОҚПУ ресми өкілдері бүгін ғылым мен инновацияны өндіріспен ұштастыратын
және инновациялық инфрақұрылымның негізі нысаны-технопарктар жұмысымен танысты.
Гази университетінің проректоры, профессор Серхат Кареиен және Технопарк
директоры Элиф Башак Тексин алдымен Гази университетінің технопаркін,
құрылымдық ерекшеліктері мен мемлекеттік қолдау тетіктерін, R&D
компаниялармен әрекеттесуі, бизнес инкубатор, акселерация бағдарламалар туралы
егжей-тегжейлі ақпарат берді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма
төрағасы-ректор міндетін атқарушы, доц. Әлібек Нұртаев, проректорлар Баршагүл
Исабек пен Ержан Керімбеков Гази технопаркіндегі және Түркиядағы ең жылдам
дамушы 500 фирма қатарындағы бірнеше компанияның өнімдерімен танысты.
Айта кетелік, Гази Технопаркі 2007 жылы құрылған, 170 r&d компаниясы, 1200 ден аса зерттеуші қызметкері бар Түркиядағы жетекші 93 технопарктің бірі.





Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам