Zhanibekov university logo

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ПАЙДАЛАНУ: ОАӨЭЫ ӨҢІРІ ҮШІН МАСШТАБТАЛАТЫН МОДЕЛЬ»

23 Қазан 2025, 16:05
Медиа Орталық

 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық (ОАӨЭЫ, CAREC) институтымен бірлескен «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану: ОАӨЭЫ өңірі үшін масштабталатын модель» атты халықаралық іс-шара өтті.

 

Ғылыми жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Гүлжан Жарасова, CAREC институты Әлеуетті арттыру жөніндегі маман Стивен Хао Лю, АҚШ, Стэнфорд университеті, Жасанды интеллект саласының профессоры, LiveTech.AI компаниясының негізін қалаушысы Юнес Бенсуда Мурри, Назарбаев Университеті, Смарт жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) бас директоры Хусейн Атакан Варол сияқты жасанды интеллект және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық және отандық сарапшылар, CAREC өңірі университеттерінің ректорлары, проректорлары және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиын барысында ЖИ-дің бағдарламалау мен педагогикалық әдістемелерді жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударып, ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.

 

Іс-шараның бірінші күні шетелдік университеттің инфрақұрылымымен танысты. Қонақ Өзбекәлі Жәнібеков орталығын, инклюзивті аудиторияларды, кітапхананы және ғылыми көрмелерді аралап, университеттің цифрлық және инклюзивті трансформация бағытындағы бастамаларына жоғары баға берді. Чехия Республикасындағы Оломоуц университетінің профессоры, жасанды интеллект саласындағы сарапшы Петр Шалоун жас ғалымдар мен докторанттарға арналған «Қазіргі дәуірдегі Python бағдарламалауды оқыту: бұлттық және дәстүрлі орта, бағдарламалауда және педагогикалық үрдістерде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.Семинар барысында профессор Python тілінің қазіргі білім беру жүйесіндегі маңыздылығын атап өтіп, бұлттық технологиялар мен дәстүрлі орта арасындағы айырмашылықтарды мысалдар арқылы түсіндірді. Сонымен қатар, ЖИ-дің бағдарламалау мен педагогикалық әдістемелерді жетілдірудегі рөліне ерекше назар аударды.

 

Семинар соңында ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің болашағы мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды. Аталған шара — инклюзивті білім мен жасанды интеллектті біріктіру арқылы ОАӨЭЫ өңірінде сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Жәнібеков университеті осындай бастамалар арқылы аймақтық және жаһандық білім кеңістігінде инновациялық көшбасшы ретінде танылуда.

(Жалғасы келесі жарияланымда)






 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35