ZHANIBEKOV UNIVERSITY РЕСМИ ӨКІЛДЕРІ АНКАРА УНИВЕРСИТЕТІНЕ КЕЛДІ
22 Қазан 2025, 20:04
Медиа Орталық
ZHANIBEKOV UNIVERSITY делегациясының Түркия сапарындағы үшінші күні жалғасуда. ОҚПУ ресми өкілдері бүгін Түркияның Республика кезеңі тарихындағы алғашқы университет-Анкара университетіне келді. Университетте 90 мыңнан аса студент 19 факультетте білім алуда. 8000-нан аса оқытушы профессор мен қызметкер жұмыс жасайды.
Анкара университетінің проректоры, профессор Каан Орхан мен медицина саласы бойынша проректор, профессор Гүлнұр Бахадур Анкара университетінің тарихын, мамандар даярлау бағыттарын баяндап, шетелдік әріптестері мен қосдипломды және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша маңызды мәліметтер берді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, проректорлар Баршагүл Исабек пен Ержан Керімбеков Анкара университетінің инфрақұрылымын, материалдық-техникалық базасын және оқу орнының Музейін аралап, құнды құжаттармен, университет тарихындағы тұлғалар мен олардың атқарған қызметі, оқытушы-профессорлардың ғылыми еңбектерімен танысты.
Осы сапар аясында Анкара университеті мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ арасында магистратура білім беру деңгейі бойынша жасалып жатқан қосдипломды "Арнайы педагогика" білім беру бағдарламасы талқыланып, болашақта атқарылатын жұмыстар бойынша жоспарлар құрылды.



Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53