КҮЗГІ ШАБЫТ — 2025
Zhanibekov University-де «КҮЗГІ ШАБЫТ – 2025» атты мерекелік-шығармашылық
іс-шара өтті. Шараны Тарих және педагогика
факультетінің Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық
талғамын арттыруға арналды. Күзгі өнер подиумында
табиғи матадан жасалған сән үлгілері көрсетілсе, қолөнер көрмесінде
студенттердің шығармашылық ізденісін паш еткен туындылар назарға ұсынылды. Ал
интеллектуалдық кезеңде білім мен тапқырлық тоғысты.
Күздің көркем келбетін бейнелеген бұл іс-шара студенттерге ерекше көңіл күй мен шабыт сыйлады. Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы алдағы уақытта да студенттердің рухани, мәдени және кәсіби дамуына бағытталған мазмұнды шараларды жалғастыра бермек.



Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам