ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы- ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев докторантураның 2025–2026 оқу жылының қысқы қабылдау комиссиясының төрағалары және мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында докторантураға
қабылдау талаптары мен ережелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ докторанттарды
даярлау үдерісінде туындайтын мәселелер, ғылыми зерттеу сапасын арттыру және
академиялық қолдау бағыттары сөз болды.
Басқосуда жас ғалымдарға халықаралық жоғары рейтингті ғылыми журналдарда мақала жариялау бойынша қосымша әдістемелік және академиялық кеңес беру тетіктері қарастырылды. Университеттің халықаралық деңгейде тәжірибесі бар ғалымдары Ғылыми зерттеу әдістемесі мен Академиялық хат пәні бойынша сабақтарды сапалы өткізіп, докторанттардың ғылыми әлеуетін арттыруға айрықша үлес қосып келеді.
Ректор өз сөзінде университеттің ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында ғалымдарға барынша қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, университет ғалымдары ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен зерттеу бағыттары бойынша пікір алмасты.
Айта кетейік, қазіргі таңда
университетте докторантураның 12 білім беру бағдарламасы бойынша 108 докторант
білім алуда.

Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам