МИЧИГАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ DOUGLAS K. HARTMAN СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры, педагогикалық білім беру саласындағы технология, оқыту және сауаттылық бойынша белгілі ғалым, профессор Дуглас К. Хартман (Douglas K. Hartman) ағылшын тілі мамандарына арналған халықаралық семинар өткізді. Семинар тақырыбы «New Literacies and New Technologies: AI in Education – Preparing Teachers and Students for the 21st Century» деп аталды.
Профессор Хартман — білім берудегі цифрлық технологиялар мен жаңа медиасауаттылық бойынша жетекші зерттеуші. Ол University of Illinois
Urbana–Champaign университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін қорғаған. Талқылау барысында студенттер білім берудегі AI (жасанды интеллект), coaching, co-teaching, және видеомен жұмыс (GoReact, Sweil video) тақырыптары бойынша өз ойларын ашық айтты.
Пікірталас өте белсенді өтіп, болашақ мұғалімдер ХХІ ғасырдың жаңа технологиялары мен жекелендірілген оқыту (personalised learning) туралы өз көзқарастарын ортаға салды. Профессор Хартман студенттердің қызығушылығын ерекше атап өтіп, осындай талқылаулардың кәсіби дамуға үлкен әсер ететінін айтты.


Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам