«ЖАС ТАЛАНТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де Студенттер апталығы аясындағы іс-шаралар жалғасын табуда.
Мәресіне жеткен байқаудың бірі «Жас талант — жарқын болашақ» деп аталды. Өнер байқауына факультеттер мен жастар ұйымдарының жарқын өкілдері қатысты.
Байқау шымылдығы денешынықтыру және спорт факультеті мен «Жалын» ұйымының флешмобымен ашылды. Қатысқан таланттардың барлығы да болашақ педагог екендігіне қарамастан нағыз өнер шеберлеріндей бақ сынасты. Мысалы филология факультетінің қыздарынан құралған өнерпаздардың орындауындағы үнді биі көрермендерді таң-тамаша қалдырды. Попурри де, қызықты интермедия да, ретро мюзикл де, аспаптармен түрлі сазды әуен де осы сайыста паш етілді.
Таланттардың өнерін халықаралық
дәрежедегі дизайнер, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, университеттегі «Мұра»
шығармашылық орталығының басшысы Марат Ерімбетов, хореограф, «Тұмар» би
ансамблінің жетекшісі Ләззат Ергебекова, мәдени іс-шаралар ұйымдастырушы Бекдәулет
Тасболат сияқты қазылар алқасы бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені
Өнер және білім факультеті, І орынды Жаратылыстану факультеті, ІІ орынды
“Жарқыра” ұйымы, ал ІІІ орынды “Алқа” әдеби бірлестігі жеңіп алды.
Жеңімпаздарды Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек құттықтап, марапаттады.




Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам