Zhanibekov university logo

ПРОФЕССОР АЛЕКСАНДР ПОДУШКИННІҢ КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

10 Қараша 2025, 15:26
Медиа Орталық

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де профессор, университет жанынан құрылған археологиялық орталықтың жетекшісі А.Н.Подушкиннің «Қаңлы мемлекеті б.з.д. ІІ ғ— б.з ІY ғ. археологиялық деректер негізінде» монография-кітабының таныстырылымы өтті.


Кітаптың тұсаукесеріне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Герман археология институтының корреспондент мүшесі Зейнолла Самашев, алыс және жақын шетелден, атап айтқандай, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Нидерланды, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан тарихшылары мен археология саласының жергілікті мамандары қатысты.


Таныстырылымды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев құттықтау сөзбен ашты.

— Бұл еңбек – еліміздің көне тарихы мен мәдени мұрасын зерттеу ісіне қосылған сүбелі үлес, археологиялық ғылым саласындағы іргелі ізденістеріңіздің жемісі. Кітапта Қаңлы мемлекетінің даму кезеңдері, әлеуметтік құрылымы мен материалдық мәдениеті терең талданып, археологиялық деректер арқылы тарихи шындықтың жаңа қырлары ашылған. Сіздің еңбегіңіз жас ғалымдарға үлгі болып, отандық археология ғылымының дамуына зор серпін беретініне сенімдіміз, — деді Әлібек Нұрбайұлы. Профессорға бұдан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің құттықтауы мен сый-сияпаты табыс етілді.

Шетелдік тарихшылар мен археологтар үшін Қаңлы мемлекеті — Ұлы Жібек жолының қалыптасуындағы маңызды мәдени-саяси факторлардың бірі. Подушкиннің археологиялық деректерге сүйенген нақты зерттеулері Еуразия кеңістігіндегі ежелгі өркениеттер арасындағы байланыстарды анықтауға зор үлес қосады. «Бұл еңбек “Орталық Азия археологиясын жаңа деңгейге көтерген жүйелі зерттеу. Қаңлы өркениетінің археологиялық бейнесін жаңаша танытып, Қазақстан археологиясын халықаралық деңгейге көтерген ғылыми еңбек» дейді аталмыш монографияның маңыздылығы туралы ғылыми-зерттеу жиынына онлайн қатысып, пікір білдірген шетелдік тарихшылар. Ал, отандық археологтар бұл еңбектің ұлттық ғылымдағы орнына, деректік жаңалығы мен ғылыми мектептің дамуына назар аударды.


Профессор А.Н.Подушкиннің ғылымдағы 15 жылдық табандылығының арқасында осы Қаңлы жазуларының құпиясы ашылып, Қазақстан археологиясында өз орнын тапты. «Жоғары деңгейде дамыған өркениеттің көрінісі мен мемлекеттіліктің айрықша белгісі ретінде Қаңлы жазбасы Қазақстан Республикасының қазіргі ғылыми және азаматтық қоғамы үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие. Бұл жәдігер ежелгі қазақтардың мәдени мұрасы және олардың салт-дәстүрі қаншалықты бай әрі терең екенін дәлелдейді» дейді А.Н. Подушкин.


 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35