«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТІ» БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ
Құрметті оқырман!
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде зейнеткерлік жастағы азаматтарды қазіргі өмірге сәтті бейімдеу үшін, өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған «Күміс университет» жобасы жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Жобаның мақсаты — қариялардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қарым-қатынас ортасын қалыптастыру және дамыту. Өткен жылы «Балаларды ерте жастан дамыту» білім беру бағдарламасы бойынша дәріс жүргізілген болатын. Жаңа жылдық мереке қарсаңында 10 білім алушы зейнеткер оқуды сәтті аяқтады. Тыңдаушыларға тиісті бағыт бойынша оқығаны туралы сертификат табысталды.
Аталмыш жоба 13 түрлі мамандық бағыты бойынша жүргізіледі. Бір тыңдаушы бірнеше курстарға қатар жазыла алады.
Толығырақ:
https://www.facebook.com/share/p/1649DwttrX/
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам