Zhanibekov university logo

ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ 35 ЖЫЛ

21 Қараша 2025, 18:52
Медиа Орталық

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-де «Қазақстан халқының көпэтностық құрамы: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және ұстаз, ғалым, ардагер Гүлжан Сүгірбаеваның ғылыми-педагогикалық қызметіне 35 жыл толуына арналды.

 

Кеңейтілген мәжілісті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөзбен ашты. Модератор, университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова, Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден, Түркиядағы Гази университетінің ректоры, профессор Угур Үнал, тағы басқалар жиын тақырыбының маңыздылығына тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

 

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Азиялық зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Герман Николаевич Ким, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, саяси ғылымдар докторы, профессор, Мемлекет тарихы институтының Саяси бөлім басшысы Венера Жексембекова, Өзбекстандағы Ташкент мемлекеттік Шығыстану университетінің профессоры Әлішер Дониерев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Қозғамбаева, тағы басқалар түрлі тақырыптарда баяндама жасады. Ғалымдар Қазақстанда біртұтас ұлт қалыптастыру теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін, білім беру мен мәдени жобалар арқылы жастар арасында этносаралық келісім мен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру, көрші елдердің этнос өкілдерімен тату, полиэтносты қоғам қалыптастырудың эволюциясын, Оңтүстік Қазақстандағы депортацияланған Солтүстік Кавказ халықтарының өмірі мен еңбегін, «Мәжбүрлі қоныс аударылған халықтардың екінші және үшінші буындағы бейімделуін 2024-2025 жылдардағы әлем әдебиетіне шолу жасай отырып және архив деректері негізінде баяндады.

 

Гүлжан Дәулетбекқызының өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастау алған ғылыми зерттеу жұмысы еліміздегі этностардың тарихи тағдыры мен мәдени даму процесін ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналған. Ғалымның ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясы мақсатымен тікелей үндесіп, этностар арасындағы татулық пен рухани сабақтастықты терең түсіндіруге бағытталған. Ал, университет ректоры қызметін атқарған кезеңдегі кәсіби біліктілігі оқу орнының дамуына зор үлес қосты.





 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35