СТУДЕНТТЕР ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ СҰРАНЫСПЕН ТАНЫСТЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ
студенттері Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен «Еңбек – өмірдің
тұтқасы» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.
Шымкент қаласының ішкі саясат және
жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған шараға қала әкімі Ғабит
Сыздықбеков қатысып, жастармен ашық пікір алмасты. Жәрмеңкеге оқу орнымыздың 4
курс білім алушылары қатысып, түрлі мекемелердің өкілдерімен кездесіп,
сұхбаттасты. Олардан бос жұмыс орындары мен тәжірибе мүмкіндіктері туралы құнды
ақпарат алды.
Университеттің белсенді студенттері
жәрмеңкеде БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, аталмыш шараның жұмыс берушілермен
тікелей байланыс жасауға, тәжірибе жинау мен кәсіби дағдыларды дамытуға,
стажировка немесе алғашқы жұмыс тауып, еңбек нарығындағы сұранысты түсінуге
пайдасы мол екендігін айтты.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам