ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІН ИЕЛЕНДІ!
ZHANIBEKOV UNIVERSITY докторанты Майра
Бедебаева 8D01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы
бойынша «Аралас оқыту технологиясы негізінде мектеп информатикасын ағылшын
тілінде оқыту әдістемесі» тақырыбында дайындаған докторлық диссертациясын сәтті
қорғап, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленді!
Зертеушінің отандық ғылыми кеңесшісі — педагогика ғылымдарының докторы,
доцент Роза Қадырбаева, ал шетелдік ғылыми кеңесші — педагогика ғылымдарының
докторы, профессор Гриншкун Вадим (Мәскеу қалалық педагогикалық университеті).
Дәл осындай ғылыми атақты Венера
Нахыпова да иеленді. Ол 8D01503 – «Информатика педагогін даярлау» білім беру
бағдарламасы бойынша «Білім алушылардың академиялық үлгерімін болжауда
машиналық оқытуды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында
дайындаған докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD)
ғылыми дәрежесін алды.
Отандық ғылыми кеңесшісі – PhD, философия докторы Ержан Керімбеков, ал
шетелдік ғылыми кеңесшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бүлбүл
Халил Ибрахим (Түркия, Анкара қ., Гази университеті).
Ғылыми еңбектеріңіз бен жаңашыл
бастамаларыңыз жемісін бере берсін!
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам