Zhanibekov university logo

ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН КЕЛГЕН ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

24 Қараша 2025, 16:13
Медиа Орталық


 

ZHANIBEKOV UNIVERSITY Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген шетелдік профессорды қабылдады. Профессор — Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласы, ОА Білім беру саласының докторы, PhD Энтони Браун.

 

— Бізге Батыс елдерімен әріптестік қарым-қатынаста болу жаңалық емес. Ал, Шығыс елінің академиялық қақпасын ашу мен үшін үлкен мәртебе әрі таңсық жағдай болып отыр. Ол үшін университеттің Психология кафедрасының доцент міндетін атқарушы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ардақ Әліпбекке алғыс білдіремін. Ардақ ханыммен кезекті халықаралық конференцияда танысуымыз екі ел арасындағы академиялық әріптестік байланысқа ұласуда. Байқағаным, инклюзивті салада балаларды оқыту бізде тек ағылшын тілінде жүзеге асса, сіздерде бұл көптілде жүргізіледі екен. Бұл да біз үшін зерттелмеген тақырып, — деді профессор.

 

Энтони Браун психикасында эмоционалды мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды оқыту бойынша мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі бағытындағы маман. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бағытына біздің университетте айтарлықтай қолдау бар. Оқыту бағдарламасын тереңдету бойынша шетелдік профессордың тәжірибесін кеңінен пайдалану қажет» деді Әлібек Нұрбайұлы. Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі мен жауаптыларға алдағы жылдың қаржы жоспарындағы салаға қажетті материалдық-техникалық қажеттіліктерді қамтуда шетелдік профессордың да пікірін ескеруді тапсырды.

 

Шетелдік ғалым-профессор "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының студенттеріне "Психология", "Педагогикалық психология", "Әлеуметтік психология" пәндерінен, ал "Білім беру бағыты" бойынша магистранттарға "Scientific research methods" пәні бойынша дәріс, семинар сабақтарын сабақ кестесіне сай кафедраның доцент м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Ардақ Зәуірбекқызы Әліпбекпен бірге өткізуде.


 

Осыған ұқсас

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ЖАҢАРҒАН КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

13 Ақпан 2026, 12:39
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 Ақпан 2026, 10:44
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның асханасы үшін үй-жайларды мүліктік жалға (жалға) беруге конкурс жариялайды.

13 Ақпан 2026, 10:23
«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КІТАП ФЕСТИВАЛІ» ӨТТІ

12 Ақпан 2026, 11:37
95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

95 ЖЫЛДЫҚҚА — 95 ІС-ШАРА

11 Ақпан 2026, 12:40
Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

Құрметті ғалым ханымдар, зерттеушілер!

11 Ақпан 2026, 10:41
ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСҚА КОНКУРССЫЗ ҚАБЫЛДАНАДЫ

10 Ақпан 2026, 17:46
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ ДӘРЕЖЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 15:52
«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«МЕКТЕПТЕРДІ САРАЛАНҒАН ҚОЛДАУ» БАҒЫТЫ АЯСЫНДА ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 Ақпан 2026, 14:57
«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

«БУЛЛИНГ ПЕН СТАЛКИНГ: ҮНСІЗ ЗОРЛЫҚТЫҢ ҚАУІПТІ ТҮРЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

9 Ақпан 2026, 17:35